Қаламгерлер аллеясында болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист әрі қоғам белсендісі Дүйсенәлі Әлімақын аллеяда демалып отырған кезде бірнеше жастың тарихи тұлғаларға құрметсіздік танытқанын көргенін жазды.
«Қаламгерлер аллеясында демалып отыр едім. Кенеттен мынадай келеңсіз іске куәгер болдым. Ашу қысып қасына жетіп барып: “Бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме?” деп сұрадым. Олар “Что, что?” деуден ары аспады», – деді ол.
Белсендінің айтуынша, жастар өз әрекеттері үшін ұялмаған әрі кешірім де сұрамаған.