KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Қалай ұялмайсыздар?!»: Әнші шұрық-тесік жолдар үшін Ақтөбе әкімдігін сынап тастады (ВИДЕО)

• Еркебұлан

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова Ақтөбе қаласына гострольдік сапармен барып, жергілікті билікті сынап тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 



Әнші шұрық-тесік орталық көшелерін көрсетіп, бұған намыстанып кеткенін айтты.



Құрметті ақтөбелік достар! Қонақжайлық пен сыйластықтарыңызға рақмет! Көңілімді түсірген бір-ақ нәрсе, орталық көшелердегі жолдардың шұрық-тесігін көріп көңілім құлазып тұр. Әлемге әйгілі Ақтөбенің жолдары мұндай деп ешкім ойламаған! Әкімдерің вертолетпен жүре ме?! Қалай ұялмайсыздар?! Қаланың ішіндегі жолдары осындай тесік болса, сырт жақтағы ауыл-аудандардың жағдайын айтпай-ақ қойған дұрыс шығар?! Ақтөбе қаласының әкімшілігі, екі күн бұрын Қызылордада болдым. Экологиялық жағдайы төмен облыстың көшелері тап-таза, жолдары тақтайдай тегіс. Сол жақтан барып, қаланы қалай әдемі етудің жолдарын үйреніп, шеберлік сағатына қатысып келіңіздер! Менің намысым келіп тұр, – деді Ысқақова ашуланып.

Әлеуметтік желі қолданушылары да әншінің сынымен келісіп, қолдай кеткен.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →