Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қалай киіну керек? 25 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Қалай киіну керек? 25 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Фото: Iz.ru

“Қазгидромет” РМК мамандарының хабарлауынша, 25 желтоқсанда Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашын жауады, қалған бөліктерінде күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың көп өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады, күндіз жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысында да тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл, Атырау облыстарында көктайғақ болады, Түркістан облысында жаяу бұрқасын соғады. Маңғыстау облысының жолдарында көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде екпіні секундына 18 метрге жететін жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарында қатты аяз  болады. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Жандос