«Аңыз адам» деген сөзді сирек қолданамыз. Бірақ қазақ өнерінің маңдайына біткен біртуар тұлға – Асанәлі Әшімов бұл атауға толық лайық еді. Бүгін ел ұлы актерін қимастықпен еске алып, әлеуметтік желіде жүрекжарды естеліктерін бөлісіп жатыр.
Асылымыздан айырылдық…
Осындай тектілер қайта туа ма, тумай ма – уақыттың еншісіндегі сауал.
Халық Асанәлі Әшімовтің өмірдегі болмысына да жиі назар аударып келді.
Жұрт арасында:
«Бұлай жүруге Назарбаевтың өзі рұқсат берген»,
«Қалай еркелесе де жарасады» деген пікірлер тараған.
Қап-қара Cadillac Escalade.
Бұл көлік қазақтың Бекежанына ерекше жарасып-ақ тұрды.
2022 жылы «ASANALI» нөмірімен жүрген көлікті Қызылорда облысында полицейлер тоқтатқан. Оқиға сол сәтте қоғамда түрлі пікір тудырды.
Кейін бұл жайттың видеосы тарап, қызу талқыға түсті.
Асанәлі Әшімовтің өзі де сабырмен жауап берген еді:
«Кино үшін ғана уақытша тағылған. Заң бұзып жатқан жоқпыз, жарты күнге ғана», – деген.
Сол тұста ұлы актер туралы деректі фильм түсіріліп жатқаны белгілі болды. Бұл да көп жайттың мәнін айқындағандай еді.
Асмира Ермекқызының Instagram желісіндегі парақшасынан алынды.