"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайранбай Жұмабай | өмірбаяны

Қайранбай Жұмабай |  өмірбаяны

Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж. т.) — педагог, баспагер, жазушы. 1967 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен-Дихан ауылында Октябрь атындағы орта мектепті бітірген. 1967—69 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет еткен. 1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 

1975—76 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылындагы сегіз жылдық мектепте мүғалім, 1976—94 жж. "Мектеп" баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, қазақ тілі мен әдебиеті редакциясының меңгерушісі, 1994—98 жылдары "Білім" баспасында шығармашылық топтың жетекшісі болып қызмет еткен. 1998 жылдан бастап "Атамұра" баспасында аға редактор болып, республикамыздағы жаңа буын төл оқулықтарды дайындау мен басып шығару ісіне еңбек сіңіріп жүр. Сонымен бірге мемлекеттік тіл — қазақ тілін үйренушілерге арналған оқу кұралдарын шығаруга ғылыми, мәдени, көркем әдеби басылымдардың сапалы шығуына да зор үлес қосып келеді. 

Баспагер Ж.Қайранбай "Араб тілін оқыту методикасы", "Арабша-қазақша сөздік", "Арабша-қазақша филологиялық терминдер сөздігі", "Мұқағали Мақатаев. Өлендер" (көлемді алғы сөз жазылған хрестоматиялық жинақ), "Абай. шығармалар" (хрестоматиялық жинақ) атты анықтамалық, әдістемелік және оқу құралы сипатындағы кітаптары басылып шыққан. Проза жанрында "Әке" (ғүмырнамалық повесть), "Қайдасың, Хантәңірі" (хикаялар мен әңгімелер) деп аталатын кітаптары жарық көрген. Көркем шығармаларында негізінен адам жанының ішкі иірімдерін тереңнен толғап жазуымен ерекшеленеді.

Автор
Санжар