Қазақстан "+7" кодынан бас тартпайтын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайын жұртын өлтірді делінген Сұлтан Сәрсемәлиев сотта ата-анасын көріп, жылап жіберді (ВИДЕО)

Қайын жұртын өлтірді делінген Сұлтан Сәрсемәлиев сотта ата-анасын көріп, жылап жіберді (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамнан тұратын отбасының қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты іс бойынша куәгерлерден жауап алу басталды. Атышулы іс бойынша басты күдікті ретінде 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев өтіп жатыр. Ол – қаза тапқан отбасының күйеу баласы, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

29 мамырда сотта Сәрсемәлиевтің ата-анасы куәгер ретінде жауап берді.

Сот залына алғашқылардың бірі болып айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев шақырылды. Белгілі болғандай, егде жастағы ер адамның есту қабілетінде қиындық бар. Сондай-ақ аяғынан алған жарақатына байланысты жүріп-тұруы да ауыр.

Әкесі сот залына кірген кезде Сұлтан Сәрсемәлиев қатты толқып кеткені байқалды. Туысы жауап беріп жатқан уақытта ол көз жасын ұстай алмады. Алайда судья Зарема Хамидуллинаның өзін қалай сезініп тұрғаны туралы сұрағына “бәрі жақсы” деп жауап берді.

Айыпталушының әкесі сотта Сәрсемәлиевтер отбасында төрт бала бар екенін, ал Сұлтан олардың ең кенжесі екенін айтты. Кейін ол ұлы мен оның жары Ақбаян Мұқанғалиеваның, яғни қаза тапқан ерлі-зайыптылардың қызының, арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғады.

“Ұлым ешқашан балаларына да, әйеліне де агрессия көрсеткен емес. Олардың арасында жанжал болмайтын. Сұлтан үй ішіндегілерге әрдайым құрметпен, сабырлы қарайтын”, – деді айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев сотта.

Айта кетейік, сотта айыпталушының анасы да куәлік берді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер