Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайта емтихан тапсырады: Енді көлік жүргізушілеріне балл беріледі

Қайта емтихан тапсырады: Енді көлік жүргізушілеріне балл беріледі
Egov

Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға арнайы балл есептеу жүйесін енгізу ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдарының қатысуымен жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Өз сөзінде Асылов жол-көлік оқиғаларының басты себебі жол қозғалысы ережелерін сақтамау екенін атап өтті. Оның айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесінде апатқа кінәлілердің 81 пайызы бұрын бірнеше рет жауапкершілікке тартылған. Бұл қайталану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында бір жүргізуші бір жыл ішінде 32 рет ереже бұзған, оның ішінде 13 рет жылдамдықты асырған. 8 қаңтарда қарсы жолаққа шығып кетіп, өзі және екі жолаушысы қаза тапқан. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанатынын бас прокурор атап өтті.

Ведомство түсіндіргендей, қайталанатын заңбұзушылықтардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін бұзуды баллдық жүйе арқылы тіркеу ұсынылды. Бұл жүйе цифрлық түрде бекітіліп, тәртіп бұзушыларды дер кезінде анықтап, жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға мүмкіндік береді.

– Белгіленген балл шегіне жеткен жүргізушілер қайтадан емтихан тапсыруға жіберіледі. Бұл шара жүргізушілердің дайындық сапасын арттырып, жолдағы тәртіпті күшейтеді, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жолдағы тәртіпті арттыру және апат санын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданады. Әсіресе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаты енгізілмек.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.