Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген Алматыдағы бизнес орталығы саудаға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген Алматыдағы бизнес орталығы саудаға шығарылды
Фото: ашық дереккөзден

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Алматыдағы бизнес орталықтардың бірін аукционға шығарды. Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл хабарландыру Мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz порталында жарияланды. Онда нысанның бастапқы бағасы 61 547 298 223 теңге деп көрсетілген. Сондай-ақ, кепілдік жарнасының сомасы да жазылған, яғни 9 232 094 734 теңге. Ал өтінім қабылдау 2026 жылдың 7 сәуірінде сағат 09:55-ке дейін жалғасады.

Сонымен қатар, хабарландыруда сауда-кеңсе орталығының Желтоқсан көшесінде орналасқаны, 9 қабатты және жалпы ауданы 63 920 шаршы метр екені жөнінде мәлімет бар. Бұдан бөлек ғимаратты 53 жалға алушы әртүрлі мерзімге жалға алғаны қамтылған.

Есіңізге салайық, 2024 жылдың тамыз айында Қайрат Сатыбалды мемлекетке 732,8 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын хабарлаған едік.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.