Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қайрат» қақпашысының қолы қойылған доп 12 миллион теңгеге сатылды

«Қайрат» қақпашысының қолы қойылған доп 12 миллион теңгеге сатылды
Фото: ашық дереккөз

Алматының «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың қолтаңбасы бар допқайырымдылық аукционында 12 миллион теңгеге сатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Түскен қаражатқа әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға жаңа баспана сыйға берілді.

Аукционды қайырымдылықпен айналысатын «Асар-Уме» қоры ұйымдастырған. Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай игі бастамалар қоғамдағы мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады.

Жеңімпаз кәсіпкердің есімі жария етілмегенімен, ұйымдастырушылар оның бұған дейін де бірнеше қайырымдылық шараларына белсенді қатысып жүргенін атап өтті.

Темірлан Анарбеков биылғы маусымда ерекше ойын үлгісімен көзге түсіп, қазақстандық жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Александар Заруцкий жарақат алғаннан кейін негізгі құрамға қосылған қақпашы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы матчта пенальти тойтарып, «Қайраттың» топтық кезеңге өтуіне шешуші үлес қосты.

Сондай-ақ ол «Пафос» және әйгілі «Интер» командаларына қарсы кездесулерде қақпаны сенімді қорғап, өз кәсібилігін дәлелдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.