Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қайрат» футбол командасы «Олимпиакосты» ойсырата жеңді

«Қайрат» футбол командасы «Олимпиакосты» ойсырата жеңді

«Қайрат» футбол клубының U-19 командасы UEFA Жасөспірімдер лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Жас алматылықтар Грекияның «Олимпиакос» жасөспірімдер құрамасына қарсы өткен кездесуде 3 ұпай еншіледі. Матчтың 4-минутында Рамазан Бағдат есепті ашса, 57-минутта Мұхамедали Әбіш екінші голды енгізіп, командаға маңызды жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, кездесу жабық есік жағдайында өтті. Бұл – «Қайрат» академиясы ойыншыларының Еуропа аренасындағы алғашқы ірі жетістігі. Бұған дейін олар «Копенгаген» U-19 командасымен тең ойнап, бір ұпай алған болатын. Ал «Реал Мадрид», «Интер», «Спортинг» және «Пафос» командаларымен өткен матчтарда жеңіліске ұшыраған еді.

Бүгін кешке UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» пен «Олимпиакос» клубтарының негізгі құрамдары «Астана Аренада» жүздесіп, өзара күш сынасады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.