KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қайрат Дәуітов Әуе қорғанысы күштеріндегі қызметінен босатылды

Қайсар Қанат
Фото: Ақорда

Қайрат Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →