КВН-нің «Утомлённые солнцем» командасының мүшесі Елена Рыбалко жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы kznews.kz тілшісі SHOT Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 1 мамыр күні кешке Сочидің Адлер ауданында болған. 53 жастағы әртіс жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Сол сәтте Toyota көлігінің жүргізушісі тежеліп үлгермей, әйелді қағып кеткен.
Марқұмның жұбайы журналистерге қайғылы жағдайды растады және осы қиын сәтте отбасын мазаламауды сұрады.
Елена Рыбалко «Утомлённые солнцем» командасында Михаил Галустян және Александр Реввамен бірге өнер көрсеткен. Ол 2000-жылдардың басында Жоғары лигада ойнап, 2003 жылы команда чемпион атанған. Кейінгі жылдары актриса негізінен мерейтойлық концерттерде ғана сахнаға шығып жүрген.