Lifestyle

Қадір Мырза Әлидің қанатты сөздері

Қадір Мырза Әлидің қанатты сөздері

Қадір Мырза Әлидің қанатты сөздері
Қадір Мырза Әлидің қанатты сөздері

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақтың қуаты – бірлігінде.

* Қара бұлт қауіп емес, заманның қабағы ашық болсын.

* Қателіктен қорыққан да – қателік.

* Қазақтың ұлттық тілі – өлең.

* Мақсаты кішіден - үлкендік шықпайды.

* Кісілік көнгенмен - пенделік көнбейді.

* Өзің қандай болсаң - өмір сондай.

* Қайғырғанда - қанат керек ұшатын,  қуанғанда - құйрық керек қонатын.

* Ақынның ұяты болу керек.

* Қанша жыл жақсы бола алсаң - сонша жыл ғана өмір сүр.

* Қара бұлт қауіп емес,  заманның қабағы ашық болсын.

* Қара тастай берік бол,

* Қатты болма бірақ та.

* Қарын тоқ болса - жақсы,  көңіл тоқ болса - жақсырақ.

* Қобыз бөксе,  күмбез төске - Күн көзі де сүрінер.

* Баланың тентектігін қойдырамын деп - қайсарлығын өлтіріп ала көрме.

* Қолтығына қыстырған градуснигімін халқымның.

* Қорқытамын деп дұшпанды,  үркітіп алма достарды.

* Қабірдің де басында гүл өседі.

* Құзғындарды жіберіп өз еркіне,  әнші құсты ұстаймыз торға қамап.

* Құрық - атамыздың гербісі.

* Ұяттан қызарғанша - шараптан қызар.

* Даңқ - классиктің жесірі.

* Қыздың сыры - шөлдің суы.

* Қызығы жоқ қазынадан - қызуы бар қи артық.

* Ханға - баладан гөрі тақ қымбат.

* Қылбұраумен тұрған ел - құлдыраумен тынады.

* Малсыз жайлау - идеясыз сурет.

* Ақынға мансап қуу - жырдың көзіне шөп салумен бірдей.

* Бір батпан өтіріктен - бір мысқал шындық қымбат.

* Шындықты өткізу үшін - ішіне өтірік қосар кез де болады.

* Руластан - рухтас жақын.

* Сатып алған даңқ - сатып кетпей тынбайды.

* Майданнан қашқан – майданға тап болар.

* Мен емес – дүние құбылады.

* Немерелер – қуып жетер қуаныш.

* Өмір сүріп жүргенім жоқ – парызымды өтеп жүрмін.

* Бақыт екі айналып келмейді.

Дереккөз: https://massaget.kz/

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz