Әлем

"Путинді тоқтата алмаған" Зеленский шұғыл шешім қабылдап, елді дүрліктірді

"Путинді тоқтата алмаған" Зеленский шұғыл шешім қабылдап, елді дүрліктірді
Anna Moneymaker/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан "Украина кейбір аумақтарынан бас тартуы керек" деген талап жайлы ақпараттан кейін мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы Ресейдің бейбіт келісім процесін әдейі созып, жағдайды ушықтырып отырғанын айтты.

"Украина соғысуды ешқашан мақсат еткен емес. Біз шартсыз атысты тоқтатуға дайынбыз, бейбіт жолмен шешудің түрлі нұсқасын ұсындық. Бірақ Ресей келіссөздерді әдейі тежеп, уақытты созып отыр. Халықты әуе шабуылдарымен қорқытып, майдандағы соққыларын үдетіп келеді. Соғыс Мәскеу тоқтатқысы келмегендіктен жалғасып отыр", – деді Зеленский.

Президенттің айтуынша, тек соңғы аптада Ресей Украина аумағына 3270 дрон, 1370 басқарылатын әуе бомбасы және шамамен 50 түрлі зымыран қолданған.

"Путинді әңгімемен тоқтату мүмкін емес – оған қысым қажет. Бүкіл әлем Ресейдің тек күшке жауап беретінін көріп отыр. Демек, бейбітшілікті де тек күш арқылы орнатуға болады. Украина террористік әрекеттер үшін ешқандай жеңілдік жасамайды. Серіктес елдер – АҚШ, Еуропа, G20 және G7 мүшелерінен нақты және батыл шешімдер күтеміз", – деп мәлімдеді Зеленский.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz