Сәбидің келесі сепарация-индивидуация фазасынан қалай өтетіні, әрі қарай идентификация процесінің қалай жүзеге асатыны тікелей осы симбиотикалық фазаның «сапасына» байланысты. М. Малердің зерттеуінше, бұл процесс сәбидің анасынан басқа өз ішінде дара репрезентация түзуіне алып келеді. Ал сепарация-индивидуация процесі кезінде сәби бірте-бірте өзі мен анасының екі бөлек адам екенін, әрқайсысының өз ерекшелігі бар екенін түйсіне бастайды. Психикасының тұлғалық құрылымының қандай болатыны анасының қаншалықты эмоционалдық тұрғыдан ашық болатынымен байланысты. Егер дәл осы сепарация-индивидуация процесі дұрыс жүрмейтін болса, сәби өскен кезде қарым-қатынаста шекара сақтай алмайтын «пограничник» болады. Осы шекара сақтай алмайтын адамдар өзінің «МЕНІН» толық сезбейді, тіпті, өзінің кім екенін айта алмай қиналады. Ересек шақта зиян тәуелділікке негізделген қарым-қатынаста болады, депрессияға түседі, ішімдік ішіп, түрлі психосоматикалық ауруға шалдығады. Отбасын құрып жатса да, ажырасып қайтып келеді. Ал одан қалай емделуге болатыны және тәуелділіктің қандай түрлері болатыны туралы 15 ақпан күні сағат 21:00-21:45 арасында психолог Шолпан Мықтыбек айтып береді. Тікелей эфир Instagram желісіндегі @kznews.kaz парақшасында өтеді. Сұхбат барысында тәуелділікке қатысты сауалдарыңызды қойсаңыздар болады. Сондай-ақ, алдын ала осы жазбаның астына қалдыруға болады.Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram