KZNews.kz
Саясат

Прокуратура өзгеріс ұсынды: енді кейбір адамдар бірден жүргізуші куәлігінен айырылады

Torgyn Abushakhman

Астана прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 16 және 91-баптарына өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Kznews.kz

Қазір осы баптарға сай қылмыс істеген, бірақ, психикалық ауруына байланысты жазадан босаған адамдардың көлік жүргізу құқығы жойылмайды. Прокуратура жаңа өзгеріс күшіне енсе, осындай адамдардың ісін қараған сот олардың жазасын тағайындап, сол сәтте жүргізуші куәлігінен айыра алады деп санайды.

«Талдауға сай, Қылмыстық кодекстің 16 және 91-баптарына өзгеріс енгізуді ұсындық. Бұл өзгерістер күшіне енсе, сот психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босаған адамдарға қатысты көлік құралын басқару құқығын тоқтату мәселесін қатар қарай алады», - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары