KZNews.kz
Әлем

Президенттің сынынан кейін аудан әкімі контейнерге көшіп кеткен

Айжан Сыланова
Фото: Наманган облысының әкімдігі

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Наманган облысына сапары барысында Нарын ауданындағы «Шурарик» махаллясының жағдайымен танысқан еді. Сапар кезінде ол инфрақұрылымның нашарлығына назар аударып, аудан әкімін сынға алды.

Мирзиёев әкімге аудандық әкімдік ғимаратын босатып, «Шурарик» махаллясындағы ескі нысанға көшуін тапсырды. Сонымен бірге, ол шенеунікке сол жерде түнеп, халықтың мәселесін түбегейлі шешуді жүктеді.

Осы тапсырмадан кейін аудан әкімі кеңсесін «Шурарик» махаллясындағы контейнерге орналастырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →