"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент: Жаһандық деструктивті күштер ұлттық дәстүрлерді өзгертіп жатыр

Президент: Жаһандық деструктивті күштер ұлттық дәстүрлерді өзгертіп жатыр
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, халықаралық құқықтың рөлі әлсіреп, әлемде жаңа сын-қатерлер пайда болуда.

«Халықаралық құқықтың мән-маңызы кете бастады. Ал БҰҰ өзінің рөлі және мәртебесіне сай қазіргі басты түйткілдерді шешуге қауқарсыз болуда. Экологиялық және техногендік апаттардың кесірінен түрлі елдердің экономикасы орасан шығынға батуда. Батыстағы этносаралық, дінаралық үйлесім мен мәдени әралуандық тұжырымдамасы дағдарысқа ұшырады. Жаһандық деструктивті күштер ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің іргесін шайқауда. Босқындардың саны көбейіп, көші-қон дағдарысы туындады. Адам саудасы, қару-жарақ пен есірткі саудасы өршіп тұр. Бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер күллі адамзаттың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Тіпті жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент геосаяси ахуалдың түбірімен өзгеріп жатқанын атап өтті.

«Қысқаша айтсақ, әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады. Қазақстан әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрылғының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету», — деді Мемлекет басшысы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.