Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Тоқаев Қытайға не үшін барды?

Президент Тоқаев Қытайға не үшін барды?
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ірі қытайлық компаниялармен кездесулер өтеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады, деп хабарлайды kznews.kz.

16 шілдеде Президент Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін одан әрі дамыту бағыттары талқыланады деп күтілуде.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қытайлық ірі компаниялардың жетекшілерімен дөңгелек үстел форматындағы кездесуге қатысады. Онда инвестиция тарту, өндіріс, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларға басымдық беріледі.

17 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өтетін Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Биылғы жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналмақ. Конференцияда жасанды интеллект технологияларын дамыту, халықаралық ынтымақтастық және цифрлық экономиканың болашағы талқыланады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.