KZNEWS.KZ
Экономика

Президент: Қазақстан Орталық Азиядағы инвестиция тарту бойынша көшбасшылықты сақтауды көздейді

• Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанға тартылған таза тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 150 млрд АҚШ долларынан асқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл Орталық Азия елдеріне бағытталған барлық инвестициялардың шамамен 70%-ын құрайды.

Президент сондай-ақ Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 300 млрд АҚШ долларынан асқанын айтты. Сыртқы экономикалық ахуалдың қолайсыздығына қарамастан, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 6,5%-ға өскен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →