Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ақорда қаза тапқан фельдшердің «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Бұған дейін Астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккені хабарланған болатын. Кейін оның ішінде көмек көрсетуге барған фельдшердің де бар екені белгілі болды.

Бүгін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің көз жұмғанын хабарлады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.