Президент бірнеше маңызды заңдарға қол қойды. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңдар бар.
- Сатып алу қорытындыларына веб-портал арқылы шағымданады және жеңімпаз Конкурстық комиссия айқындаған сатып алу бойынша ғана жүзеге асырылатын болады;
- Мерзімдер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының деңгейіне ауыстырылды;
- Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздері қайта қаралды;
- Бұған дейін сатып алулар бір жеткізуші қатысқан кезде өткізілмейтін еді. Енді ол біліктілік талаптарына сай болған жағдайда, осындай өнім берушімен шарт жасасуға жол беріледі;
- Тауарларды бір көзден 100 АЕК-ке дейін, жұмыстар мен қызметтерді 500 АЕК-ке дейін сатып алу құқығы көзделген. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;
- ТЖ алдын алу үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі белгіленді;
- Ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді;
- Оң беделі бар өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуетті өнім берушілердің тізілімі енгізілді;
- Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға негізделген “тұрақты Мемлекеттік сатып алулар" енгізілді;
- Мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкіндігі енгізілді;
- Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған әлеуетті өнім берушінің, басшының немесе құрылтайшының Мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салу;
- Мемлекеттік сатып алуға жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар әлеуетті өнім берушілер жіберілмейді;
- Өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі 50-ден 30 пайызға дейін қысқартылды;
- Барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды сатып алудың бірыңғай платформасына ауыстыру мүмкіндігі белгіленді;
- Тауар биржалары арқылы сатып алу тәсілі алынып тасталды;
- Үкімет айқындаған нақты өнім берушімен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу енді ерекше жағдайларда жүзеге асырылатын болады;
- Тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын ТЖҚ-ның жеке тізбесі пайда болады;
Заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
фото: egemen.kz