KZNews.kz
Әлем

Президент өлім жазасын енгізуді тапсырды

Айжан Сыланова
Фото: getty images

Алагөзовтің айтуынша, Жапаров Президент Әкімшілігінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Мұрат Укушевке заңнамаға өзгерістер әзірлеуді жүктеген. Жаңа нормалар балаларға, қыздарға және әйелдерге қарсы ауыр қылмыстар үшін жазаны барынша күшейтуді көздейді.

Атап айтқанда, балаларды зорлау және әйелдерді зорлап өлтіру секілді аса ауыр қылмыстарға өлім жазасын енгізу қарастырылып отыр.

Президенттің баспасөз хатшысы Садыр Жапаров кәмелетке толмаған Айсұлудың аса қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты қайғырып, істі жеке бақылауына алғанын да жеткізді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →