KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Президент өкімі шықты: Айбек Смадияров Ақордаға оралды

• Қалмаханбет Мұқаметқали
Фото: ашық дереккөздерден

Жақында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен Айбек Смадияров Ақордаға енді.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Ұзақ жылдар бойы дипломатиялық бағытта жемісті қызмет атқарған Смадияров енді еліміздің ішкі саясатының дамуына жауапты болмақ.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →