Саясат

Президент: «Менің негізгі миссиям – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуелсіздігін нығайту»

Президент: «Менің негізгі миссиям – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуелсіздігін нығайту»
Фото: Ақорда

«Менің негізгі миссиям – қазіргі алмағайып кезеңде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық дамудың берік іргетасын қалау. Барлық шешімдерім осы міндеттерді іске асыруға бағытталған», – деді Мемлекет басшысы.

Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл технологиялық үрдіс халықтар мен мемлекеттердің келешегін айқындайды. Сондықтан батыл шешімдер қабылдаудан қорықпауымыз қажет. Сонда ғана жаңа әлемнен лайықты орнымызды аламыз», – деді ол.

Тоқаев атом саласындағы ғылыми-технологиялық әлеуетті арттыруда халықаралық ынтымақтастықтың рөліне тоқталды.

 «МАГАТЭ, CERN, Біріккен ядролық зерттеулер институты және басқа да беделді мекемелермен серіктестік орнаттық. Ғалымдарымыз ядролық материалтану, радиациялық технология, термоядролық синтез жобаларына қатысуда. Бұл тек ғылымды дамытып қана қоймай, инвестиция мен технология трансферіне жол ашады. Үкімет ядролық ғылымдағы халықаралық әріптестікті күшейтіп, ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеуі қажет», – деді Президент.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz