Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент: Бір палаталы парламентті “Құрылтай” деп атауды ұсынамын

Президент: Бір палаталы парламентті “Құрылтай” деп атауды ұсынамын
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қалыптасып жатқан жаңа Парламенттің атауы «Құрылтай» болатынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл атау халқымыздың тарихи дәстүрі мен ел басқарудағы ортақ жауапкершілік қағидатына сай келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Ең алдымен, болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам.

Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін.

Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын.

Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым.

Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын.

Ал, депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды.

Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдік идеясын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді.

Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру.

Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс.

Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада!

Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс!

Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді.

Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек», - деді Президент.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.