Парламент билеуші Халық партиясы ішіндегі билік үшін тартыс аясында үкімет басшысын қызметінен босату жөнінде шешім қабылдаған. Занданшатар бұл лауазымға 2025 жылдың маусымында тағайындалған еді.
Саяси қарсыластары оның отставкасын талап еткен қарарды өткізіп, үкімет басшысын орнынан алды. Қазір Занданшатар жаңа премьер тағайындалғанша міндетін уақытша атқаруда.
«Занданшатарың орнына кім келетіндігі және оның шешімге қарсы шығатыны әзірге белгісіз. Бұл жағдай ел үшін шешуші сәтте орын алды: келер жылдың бюджеті бекітілмеген, мұғалімдер жалақы өсіруді талап етіп ереуілге шыққан, ал дәрігерлер де наразылық акциясына шығуға дайындалып жатыр», — деп жазады басылым.
Билеуші партиядағы ішкі келіспеушілік Занданшатар партия төрағалығына үміткер болған сайлауда Амарбаясгаланнан жеңілгеннен кейін күшейген. Бұған қоса, премьердің жақтастары оны көмір өнеркәсібіндегі сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деп айыптап, үкіметтік тергеу басталғанын хабарлады.