Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Пойыз қағып кеткен екі жасар бүлдіршін көз жұмды

Пойыз қағып кеткен екі жасар бүлдіршін көз жұмды

Оқиға 1 маусымда Қарағанөзек пен Қарабас станцияларының арасында болған. Баланың өмірі үшін бірнеше күн күрескен дәрігерлер оны аман алып қала алмады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының машинисі рельс үстіндегі баланы көріп, апатты тоқтату тетігін басқан. Бірақ пойыздың екпіні соншалық – тоқтауға үлгермеген. Бала ауыр жараланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алайда алған жарақаттары өте ауыр болған.
 

– Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірақ жағдайы тым ауыр еді. Сәби көз жұмды, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Баланың теміржол бойына қалай тап болғаны, қай жерде қараусыз қалғаны және нақты кімнің жауапты екені анықталуда.  

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.