Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өткелде тұрып қалған көлікті екі пойыз бірінен соң бірі соқты

Өткелде тұрып қалған көлікті екі пойыз бірінен соң бірі соқты
kznews.kz коллажы

Польшаның Блоне қаласында Понятовский көшесіндегі теміржол өткелінде Ford Focus көлігі рельстің үстінде тұрып қалып, артынша оған екі жолаушылар пойызы қатарынан соқты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Көлік өткелдің дәл ортасында істен шыққан. Жүргізуші мен жолаушы бірнеше минут бойы машинаны итеріп шығаруға тырысқанымен, аспаның үзіліп кеткен бөлігі рельс пен жабын арасындағы саңылауға кептеліп, қозғалтуды қиындатқан. Оқиға орнына полиция патрулі де келген, алайда жағдайды өзгерту мүмкін болмаған. Шлагбаум түскен сәтте адамдар көліктен шығып, қауіпсіз жерге үлгерген.

Осыдан кейін Щецин – Жешув бағытымен келе жатқан PKP Intercity пойызы көлікке соғылған. Соққыдан көліктің қалдығы шамамен 200 метрге дейін сүйреліп, көрші жолға шығып кеткен. Дәл сол мезетте қарсы бағыттан келе жатқан Варшава – Берлин бағытындағы екінші пойыз қалдыққа қайта соқтығысқан.

Екінші соққыдан кейін көлік отқа оранып, жалын локомотивтің алдыңғы бөлігіне де өткен. Өртті теміржол қызметкерлері мен өрт сөндірушілер толық сөндірген. Ресми дерекке сай, зардап шеккендер жоқ.

Оқиғадан соң екі пойыздағы жалпы 590-ға жуық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Жолаушылар Блонедегі спорт нысанына жеткізіліп, кейін алмастырушы көлік ұйымдастырылған.

Бірқатар БАҚ мәліметінше, бірнеше апта өткен соң, 17 ақпанда PKP Polskie Linie Kolejowe оқиғаның бейнежазбасын жариялап, теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәселесіне қайта назар аудартқан. Қазір жағдайдың мән-жайын теміржол комиссиясы тексеріп жатыр, сондай-ақ прокуратура тарапынан да тексеріс басталғаны хабарланды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер