Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

Жүргізілген тексеру жұмыстарынан кейін полиция сотқа дейін тергеу жұмыстарын бастаудан бас тартты


Ақтаудағы GOSTI караоке барының алдында болған төбелеске қатысушылардың бірінің қолында тапанша болған. Осы қарудың ойыншық екені анықталған соң полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, деп хабарлайды lada.kz.

"Оқиға болған жерге келген полицейлер тапаншамен қорқытқан ер адамды ұстады. Кейін оның қолындағы тапаншаның ойыншық екені анықталды", — деді Ақтау полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Ойыншық иесі ауыр қылмыс жасамағандықтан, аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалмады.

Екі топ ер адам арасындағы төбелес өткен түні Ақтау қаласының №14 шағын ауданында GOSTI караоке барының алдында болды.

Төбелес кезінде ер адамдардың бірі көлігіне барып, ішінен тапанша алып келеді. Куәгерлердің бірі төбелесті тоқтату үшін полиция шақырған. Оқиға кезінде зиян шеккендер туралы ақпарат жоқ.



Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Мадияр