KZNews.kz
Спорт

Полицияның көзін көгерткен: Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды

Азамат Қойшығара
Фото: Артем Викторов

Павлодар соты Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қол көтерген спортшыны кінәлі деп тану туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды.

Іс материалдарында айыпталушының биыл қыркүйек айында Ұлттық ұланның үш әскери қызметкеріне күш қолданғаны айтылады. Кешкі сағат 21.00 шамасында дәмхана маңында тоқтатқан патрульдердің сұрақтарына балағат сөзбен жауап беріп, күш көрсеткен.

Атап айтқанда біреуін кеудесінен итерсе, наряд бастығын иығынан қағып жіберген.

Ал үшіншісінің көзінен ұрған.

Павлодар қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Дәулет Шабанбай жазасын орта қауіпсіздікке ие мекемеде өтейтін болады.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары