Астанада жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Пойызбен селфи жасамақ болған жасөспірімді тоқ соқты

Пойызбен селфи жасамақ болған жасөспірімді тоқ соқты
Фото: nova24.uz

Қостанайда пойыз вагонына шығып селфи жасамақ болған жасөспірімді электр тогы соғып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 25 маусым күні Қостанай станциясының Оңтүстік теміржол паркінде болған. Сот мәліметінше, бала вагонның үстіне көтерілген кезде тоққа түсіп, денесінің 60 пайызы үшінші дәрежелі күйік шалған.

Осы оқиғаға байланысты кәмелетке толмағанның қамқоршысы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотта ол кінәсін толық мойындаған.

Сот шешімімен қамқоршыға 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.