Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Почти қыз ұзату ғой": Бақыт Беделхан әжесінің қазасы туралы айтқан әңгімесі тарады (ВИДЕО)

"Почти қыз ұзату ғой": Бақыт Беделхан әжесінің қазасы туралы айтқан әңгімесі тарады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Бұл жайтты журналист Қанат Тілеухан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Democrat.kz.

Тілеуханның айтуынша, ақын Бақыт Беделхан бала күнінен ескіліктің көзін көрген, елге сыйлы қариялардың тәрбиесін көріп өскен. Әжесі жүз жастан асқан шағында дүниеден озған кезде ағайын-туыс, таныс-жаран көңіл айтуға келген.

"Содан бір досы келіп: "Бақыт, әжең кеше ғана аман-есен жүр еді, қалай осылай боп қалды?" – деп көңіл білдіріпті. Бір уақытта әлгі жолдасы қайта айналып келіп, "дені сау еді ғой, не болды?" – деп тағы сұрапты. Үшінші рет келгенде Бақыт ағам "Әжемді атып кетті" деген екен. Содан жаназа басталып, қарызы бар-жоғы айтылып жатады ғой, сол кезде имам тұрып "ғасырдан аса өмір сүрді, бұл кісінікі той десе де болады" депті. Сонда ақын "Почти қыз ұзату ғой" деген екен..." – деп оқиғаны баяндап берді Қанат Тілеухан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер