KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Пилоттық режимде Бірыңғай құрылыс порталы енгізіледі

• Азамат Қойшығара
Үкімет

2026 жылдың басында Қазақстанда жоспарлау мен жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі құрылыс объектілерін сүйемелдейтін бірыңғай портал іске қосылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Үкіметтің саланы цифрлық трансформациялауға арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.

Жаңа платформа қолданыстағы жүйелерді біріктіреді және eGov бірыңғай авторизациясы арқылы әзірлеушілер үшін «бір терезе» қағидатын қамтамасыз етеді.

«Басты мақсат – рәсімдердің қайталануын болдырмау және мерзімдерді қысқарту. Алдағы уақытта жобаларды сараптауды автоматтандыру үшін жасанды интеллект элементтерін пайдалану жоспарлануда», - деп атап өтті вице-министр.
 

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →