Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Петропавлда үйінен шығып кеткен 73 жастағы зейнеткер үсіп көз жұмды

Петропавлда үйінен шығып кеткен 73 жастағы зейнеткер үсіп көз жұмды
Фото: Ашық дереккөзі

Петропавл қаласында үйінен шығып, қайта оралмаған зейнеткер әйелдің мәйіті табылды. Бұл – осы қыста өңірде тіркелген осындай қайғылы жағдайдың екіншісі, деп хабарлайды Kznews.kz.

Белгілі болғандай, 73 жастағы тұрғын 16 ақпанда үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Бейресми дерекке сүйенсек, марқұмның есте сақтау қабілетінде кінәрат болған және бұған дейін де адасып кеткен кездері тіркелген.

Әйелдің денесі айналма жол маңынан табылған. Сараптама қорытындысы өлімнің себебі ағзаның қатты тоңуынан болғанын айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері атқарылуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін де өңірде ұқсас жағдайда тағы бір зейнеткер көз жұмған. 14 қаңтар күні 75 жастағы қала тұрғыны үйіне жақын орналасқан емханаға шығып, қайта оралмаған. 15 қаңтарда таңертең учаскелік инспектор оны медициналық мекеме маңындағы шаруашылық ғимараты жанындағы адам аз жүретін аумақтан тауып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырғанымен, әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер