KZNews.kz
Шоу-бизнес

Петропавл мектебінде балтамен шабуыл жасаған балаға қатысты жаңа деректер белгілі болды

KZNEWS

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сыныптастарына балтамен шабуылдаған мектеп оқушысы туралы жантүршігерлік жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпанда қадағалау органы жасөспірімнің психиатриялық бақылауда екенін растады. Бірақ енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтірмек болғаны белгілі болды. "Сол себепті ол үш ай сабақтан қалып қойған, бірақ мұғалімдер бұған мән бермеген"- дейді прокурорлар.

"Бұл бала 2021 жылы оғаш мінез-құлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді, - деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.

Облыстық прокуратурада өткен жиында ұстаздар бала шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің біріне 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып барып, үш оқушыны жарақаттады.

Кейін баланың 15 жаста екені, оның психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары