Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Пентагон құпияны ашты: Қазақстан аспанында белгісіз құбылыс байқалғаны туралы дерек жарияланды

Пентагон құпияны ашты: Қазақстан аспанында белгісіз құбылыс байқалғаны туралы дерек жарияланды
war.gov/UFO

АҚШ Қорғаныс министрлігі бұрын құпия сақталған белгісіз табиғи құбылыстарға қатысты материалдарды жариялады. Бұл нысандар көпшілікке НЛО атауымен белгілі, деп хабарлайды kznews.kz.

Пентагон алғашқы құжаттар топтамасын арнайы үкіметтік сайтқа орналастырған. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жаңа материалдар кезең-кезеңімен жарияланып отырады. Ашық базаға АҚШ үкіметінің түрлі мекемелерінен алынған бейнежазбалар, фотосуреттер мен ресми құжаттар енгізілген.

Жарияланған материалдардың арасында Қазақстан туралы да дерек бар. 1994 жылғы АҚШ Мемлекеттік департаментінің дипломатиялық жеделхатында Boeing 747 ұшағы экипажының Қазақстан аумағында белгісіз аномальды нысанды байқағаны жазылған.

Құжатқа сәйкес, 1994 жылдың 27 қаңтарында Тәжікстаннан ұшқан ұшқыш пен үш америкалық Қазақстан аспанында үлкен жылдамдықпен қозғалған жарық нысанды көрген. Куәгерлердің айтуынша, объект бағытын күрт өзгертіп, тіпті 90 градусқа бұрылған. Сондай-ақ олар белгісіз нысанның бірнеше фотосын түсіріп үлгергені айтылған.

NBC News мәліметінше, құпиясыздандырылған құжаттардың қатарында Apollo-12 және Apollo-17 ай миссияларына қатысты деректер де бар. Мәселен, 1969 жылы астронавт Алан Бин ғарышта алыстап бара жатқан "жарық жарқылдарын" көргенін хабарлаған. Ал 1972 жылы экипаж дұрыс пішіні жоқ жарық нүктелерінің ретсіз қозғалысын байқаған.

Бұл материалдардың жариялануын АҚШ конгрессмендері, ғалымдар және түрлі теорияны жақтаушылар ұзақ уақыт талап етіп келген. АҚШ президенті Дональд Трамп та бірнеше рет бұл ақпараттарды ашық жариялау қажеттігін айтқан.

Пентагонның мәлімдеуінше, америкалық қоғам бұл мәселеде ашықтықты талап еткен, ал қазіргі әкімшілік халықтың құжаттармен өз бетінше танысып, қорытынды жасауына мүмкіндік беруді көздеп отыр.

Айта кетейік, бұл құжаттар ондаған жыл бойы құпия сақталған. Көпшілігі қауіпсіздік тексерісінен өткенмен, кейбір аномальды құбылыстардың нақты табиғаты әлі толық түсіндірілмеген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер