Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Педофилдердің болуы – Алланың барына дәлел". Ұстаздың сөзі талқыға түсті

"Педофилдердің болуы – Алланың барына дәлел". Ұстаздың сөзі талқыға түсті

Желіде ислам университетінің ұстазының сөзі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Видео Threads желісінде тарады. Видеода ер адам “педофилдердің болуы – Алланың барына дәлел” дейді. 

- Қалай ойлайсыздар? Керісінде педофилдердің болуы Алланың жоқ болуынан болмауы керек. Педофил болуы Алланың бар екенінің дәлелі. Неге деп ойлайсыздар? Егер Алла болмаса, біздің қалауымыз орындалады. Біздің қалауымыз педофилдің болуы ма, болмауы ма? Онда болмайтын еді. Бірақ біздің қалаған нәрсеміздің қарсысы болып тұр ма? Біздің қалауымыз орындалып тұр ма, орындалып тұрған жоқ па? Ол нені білдіреді? Ол біреу сенің қалауыңның орындалуын қалап тұр дегенді білдіреді. Ол қай зат? Бір затты қалап тұрсың. Сенде бүкіл қалауыңның орындалуы Алланың барына дәлел емес пе?, – дейді ұстаз. 

Айта кетейік, ұстаздың видеода айтқаны материалда сөзбе-сөз жазылды. 

Жазбада ұстаз Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінде қызмет ететіні айтылған. 

Мән-жайын анықтау үшін университеттің өкілдерімен байланыстық. Жауап берілген жағдайда ақпарат қосымша хабарланады. 

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары