KZNEWS.KZ
Білім

Педагог-ассистенттердің жұмыс жүктемесін 16 сағат етіп бекіту ұсынылды

• Жарқын Омаров
Фото: istockphoto.com

Педагог-ассистенттердің еңбек жүктемесі қалай есептеледі?

Депутаттың айтуынша, педагог-ассистенттердің жұмыс уақыты мен еңбек жүктемесін есептеу тәртібі нақты реттелмеген. Соның салдарынан әр өңірде әртүрлі тәжірибе қалыптасқан.

Бұған дейін олардың еңбекақысын есептеу кезінде аптасына 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесі қолданылған. Алайда бұл норманы заң жүзінде нақты бекіту қажеттігі туындап отыр.

Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің жұмысы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сабақ кезінде сүйемелдеумен ғана шектелмейтінін атап өтті. Олар балалардың ортаға бейімделуіне, өз бетінше әрекет ету дағдыларын дамытуына және өзге оқушылармен бірге білім алуына көмектеседі.

«Педагог-ассистенттің еңбек құқығын қорғау – ерекше баланың сапалы білім алу құқығын қорғау», – деді депутат.

Депутат қандай өзгерістер енгізуді ұсынды?

Айнагүл Балташева Оқу-ағарту министрлігіне үш ұсыныс жолдады:

педагог-ассистенттердің апталық нормативтік оқу жүктемесін 16 сағат етіп бекіту мүмкіндігін қарастырып, оған қажетті қаржылық есеп әзірлеу;

баланы тікелей сүйемелдеуге жұмсалатын уақытты сабаққа дайындалу, педагогтермен бірлесіп жұмыс істеу және құжаттама жүргізу сияқты басқа міндеттерден бөліп, оларды есепке алу тәртібін белгілеу;

педагог-ассистенттердің еңбек жүктемесі мен еңбекақысын есептеудің республика бойынша бірыңғай тәртібін енгізу.

Депутаттың пікірінше, бұл шаралар педагог-ассистенттердің еңбек құқықтарын қорғауға, жұмыс жүктемесін нақтылауға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қолдауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →