ка

павлодарлық Мәдина Батық жеңіске жетті

02.05.2019 23:06
0
1

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Биыл "Қазақстан аруы" тәжі үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 32 қыз бақ сынады 

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда еліміздің ең сұлу қызы таңдалды. "Қазақстан аруы 2019" титулын павлодарлық Мәдина Батық жеңіп алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сұлулық байқауының финалы бүгін, 2 мамырда Nomad City Hall концерт залында өтті.

Конкурс барысында жеңімпазға қымбат бағалы тастармен, інжумен безендірілген тәж кигізіліп, үш миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды. Сондай-ақ бойжеткен жоғары сапалы брендтермен көптеген жарнамалық келісімшарт, Парижге жолдама және еліміздің атынан "Әлем ару" байқауына қатысуға мүмкіндік алды.  

Айта кетейік, конкурс ашық болуы үшін әділ-қазылар бес финалисті іріктеп алды, ал елдің бірінші аруын онлайн және sms-дауыс беру арқылы қазақстандықтардың өздері таңдады.

Сонымен бестікке Диана Әбішева (Алматы), Сәния Мірғалиева (Нұр-Сұлтан), Мәдина Батық (Павлодар), Надежда Недосекова (Семей), Балжанат Анас (Шымкент) енді. 

Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша Диана Әбішева бірінші вице-мисс атанды. Екінші вице-мисс титулын Надежда Недосекова иеленсе, үшінші вице-мисс титулы Сәния Мірғалиеваға бұйырды.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий