Рухани мәдени шараның Достық үйі «Қоғамдык Келісім» орталығы жергілікті Ассамблеямен бірлесіп ұйымдастырды.
Фестивальға еліміздегі Польша елшілігінің вице-консулы Норберт Рафалик, Молдова Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының өкілі Елена Каркилан келді.
- Бұл күндері еліміздегі Ассамблеяның мән-маңызы зор. Біздің қалада өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде ән салатын патриоттық әндер фестивалі өтуде. Отаншыл қазақстандық жастар ержетті. Жастар арасында отансүйгіштік пен елге, мемлекеттің тіліне деген құрметке тәрбиелейтін осындай рухани іс-шаралар, -дейді жергілікті Ассамблея төрағасы Сейсенбай Жетпісбаев.
Іс-шараға барлығы 18 этно вокалдық ұжымдар қатысты. Олардың қатарында «Нарциз», «Мирас» , «Ярило» , «Сперанце» , «Эребуни», «Ёшлик», «Wir» , «Илли» , «Лилея» ,«Кымпитсори» ,«Туған жер» ,«Одлар Юрду» ,«Теберда» сияқты түрлі этно мәдени бірлестікер ұжымдар мемлекеттік тілде туған жер, ауылға, достық, Астана, Тәуелсіздікке арналған әндерді, Сарыарқа әуендерін шырқады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген: Мақсат Айтбай