"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда 57-ші облыстық пән олимпиадасы өтті

Павлодарда 57-ші облыстық пән олимпиадасы өтті

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, пәндік  олимпиадаға  26  командаға бөлінген 680 оқушы қатысты. 

Облыс  орталығындағы мектептер құрама командасында 65 оқушы,ауылдан Баянауыл ауданынан 25 оқушы білім жарысына түсті.

Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша  «Ең үздік олимпиадалық команда-2019» номинациясы бойынша сертификаттарға ие болды

Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша І орын «Дарынды балаларға арналған» №8 лицей-мектебінің командасы, ІІ орын – «Дарынды ер балаларға арналған» «Білім- Инновация» лицейінің командасы және ІІІ орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командалары иеленді.

Ал, гуманитарлық бағыттағы білім жарысында облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі,  Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты , №3 гимназия  үздік шықты.

Сонымен бірге, «Ең үздік қалалық команда-2019» номинациясында - Павлодар қаласының құрама командасы,

«Ең үздік аудандық команда-2019» номинациясында Ертіс ауданының оқушылар командасы марапатталды.

Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында  283 оқушы марапатталды.

16 оқушы 3 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Бақдәулет НҰРМАТ

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Мадияр