"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында екі бала ата-анасымен бірге көз жұмды

Павлодар облысында екі бала ата-анасымен бірге көз жұмды

Марқұмдардың өліміне улы газ себеп болған.

Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында тілсіз жау бүтін бір отбасының өмірін қиып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Баянауыл аудандық әкімдігі мәлім етті.

- Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам - ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапты, - дейді департаментте.

Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының бірі Бекбатыровтардың үйіне барған кезде есік ішінен жабық тұрған.

Ер адам есікті бұзып кірген кезде отбасы мүшелерін тіршілік белгілерісіз жатқан күйінде тапқан.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қайтыс болған отбасының туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Мадияр