Жиынға өңірдегі жүк тасымалдаушылар, Жер қойнауын пайдаланушылар, ірі кеніштердің басшылары қатысты.
Өңірде ауыр жүк тасудың тасымал салмақ параметрлерін сақтамаған, шамадан артық жүк тасыған 370 көлік анықталып, 90 шақты жүк жіберуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Өңірде бірнеше мониторинг жүргізу барысында жүк тасымалы бойынша заң бұзушылықтар анықталған. Заң бұзушылықтар жүк тасымалдаушылардың арасында жылдамдықты асыру, көлік құжаттарының дұрыс рәсімделмеуі, немесе құжаттардың мүлдем жоқтығы, жүк салмағының артуы сияқты қателіктер жиі қайталанды, -дейді еліміздегі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Ғылымов.
Бірақ, жүк тасымалын бақылаусыз қалып келеді. Биыл облыстық әкімдіктің бастамасымен, тікелей облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен, жергілікті полиция қызметі, көлік басқармасы, көлік бақылау инспекциясымен бірлесіп жұмыс атқарды. Бірлескен іс-әрекеттер келісімдеріне қол қойылды.
Көлік комитеті мен көлік иснпекциясы еліміздегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау,ауыр жүктердің мөлшерден тыс артпауын бақылайды. Ауыр жүк таситын тасымалдаушылармен жұмыс жасап, жолдағы жемқорлықтың алдын алу. Осы мақсат жүзеге асу үшін-«Бірінші жемқорлыққа қарсы кеңестің» өкілдері Көлік комитетімен бірге қоғамдық бірлестік ретінде меморандумға қол қойған.
Фарида БЫҚАЙ
«Егемен Қазақстан»
Павлодар