KZNews.kz
Аймақ

Павлодар облысын бейнебақылаумен қамтамасыз етуге 9 миллиард теңге бөлінеді

Жарқын Омаров
Фото: gov.kz

Павлодар облысын бейнебақылаумен қамтамсыз етуге 9 миллиард теңге бөлінеді. Бұл  туралы облыс әкімі Асайын Байханов айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист облыстың бұл жобасын қалалық кеңістікті толық цифрлық бақылауға алу талпынысына ұқсатып, бұрыннан орнатылған бейнекамералар мен бақылау жүйелерінің тағдырын сұрады. Егер ескі жүйелер жұмыс істеп тұрса, оларды қайта ауыстыру не үшін қажет, бұл бюджет ақшасын босқа жұмсау емес пе деп сұрады

Әкімнің айтуынша, бұл мәселе парламентте де көтерілген.

«Біз 9 миллиард теңгеге тек бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алады деп айтылды, бірақ бұл олай емес. Біз сервис моделін сатып алдық. Байқауды жеңіп алған компаниядан үш жыл бойы толық видеобақылау және қосымша сурет қызметін аламыз. Құрал-жабдық сатып алынбайды, үш жылдан кейін ол бізге тегін беріледі», - деді Асайын Байханов.

Оның айтуынша, бұл модель Павлодар облысын толық бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін әзірленген.

«Облыс көшелері мен жолдарында бейнебақылау жоқ. Сондықтан бағдарлама жүзеге асырылуда. Қазір сынақ режимінде жасанды интеллект көмегімен сурет беріледі, көліктердің жол ережесін бұзуы мен іздеуде жүрген адамдар анықталып жатыр. 9 миллиард теңге үш жылға есептелген,  4-5 жылда өзін ақтап шығады», - деп түйіндеді әкім.

 

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары