Бүйірі тоқ бюджет: түсім артып, қысым көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павел Дуровқа қылмыстық іс қозғалды - БАҚ

Павел Дуровқа қылмыстық іс қозғалды - БАҚ
Фото: ашық дереккөзден

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров терроризмге жәрдемдесу белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тексеріліп жатыр. Мұндай ақпаратты ресейлік Российская газета мен Комсомольская правда басылымдары жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

БАҚ материалдарында Дуровтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 205.1-бабының 1.1-бөлігі — «террористік қызметке жәрдемдесу» бойынша қаралып жатқаны айтылған. Алайда жарияланымдарда оның нақты қандай эпизодқа қатысы бар екені және істің қай сатыда екені көрсетілмеген.

Сонымен қатар, аталған мақалаларда Telegram терроризмге, экстремизмге және кибералаяқтыққа жағдай жасап отыр деген айыптаулар келтіріледі. Ресейдің Ішкі істер министрлігі мен ФСБ деректеріне сүйенсек, 2022 жылдан бері Telegram қолданылған 153 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Оның ішінде 33 мың іс диверсиялық-террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстарға жатады деп көрсетілген.

Алайда жарияланымдарда Павел Дуровтың бұл істерге нақты қандай түрде қатысы бар екені ашып айтылмайды. Сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Қазіргі таңда аталған деректер тек БАҚ-та жарияланған мәліметтерге негізделіп отыр. Telegram мен Павел Дуровтың өзінен де бұл жағдайға байланысты ресми пікір айтылған жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.