Жетісу облысындағы Алакөл көлінің Көктұма ауылындағы жағалауында паром егде жастағы әйелді басып кетіп, полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада паромның кері қозғалыс кезінде әйелді қағып кеткені көрінеді. Зардап шегуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер оған көпсалалы ауыр жарақат, көп қан жоғалту және травматикалық шок диагнозын қойған. Әйелдің өмірін сақтап қалу үшін шұғыл ота жасалып, екі аяғының төменгі бөлігіне ампутация жүргізілген. Қазір науқас жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар, шағын су көлігі иелерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, ал демалушыларды су жағасында барынша сақ болуға шақырды.