Әлем

Парламент алғаш рет өзін-өзі таратты

Парламент алғаш рет өзін-өзі таратты
Фото: ашықдереккөз

Парламент спикері Нұрланбек Тургунбек уулының айтуынша, ел тарихында алғаш рет депутаттар өз еркімен осындай шешім қабылдап отыр. Бұған дейін парламентті тарату тек жоғары билік органдарының бастамасымен жүзеге асқан: 1994 және 2007 жылдары президенттердің жарлығымен, ал 2010 жылы уақытша үкіметтің шешімімен.

Қырғызстанда келесі парламенттік сайлау 2026 жылдың қарашасында өтеді деп жоспарланған. Ал президент сайлауы 2027 жылдың қаңтарына белгіленген. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі шешім елдің саяси жүйесінде жаңа кезеңнің басталуына жол ашуы мүмкін.

Жергілікті саясаттанушылар бұл қадамды демократиялық тәжірибенің нығаюымен байланыстырып отыр. Дегенмен, кей сарапшылар парламенттің мерзімінен бұрын таралуы алдағы саяси науқандарға әсер етіп, қоғамда түрлі пікірталас туғызуы ықтимал екенін айтады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz