Парақорлық көбейген: ҰҚК маусым айында 125 құқық бұзушылықты анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Парақорлық көбейген: ҰҚК маусым айында 125 құқық бұзушылықты анықтады

Парақорлық көбейген: ҰҚК маусым айында 125 құқық бұзушылықты анықтады
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі биылғы маусым айындағы жұмыс қорытындысын жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, бір ай ішінде 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген. Оның ішінде ең көп таралғаны парақорлық болып отыр. Бұл санатқа 97 қылмыс тиесілі. Сонымен қатар 9 алаяқтық, 8 лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, 7 жымқыру, 3 жалған қызмет жасау және 1 билікті асыра пайдалану фактісі анықталған.

Қылмыстық істер аясында 67 адам күдікті деп танылды. Есепті кезеңде 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданған.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 4,7 млрд теңгені құраған. Оның 2,1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Сондай-ақ құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салыныпты.

Тоқетері, құзырлы орган тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғаса береді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.