Жаңалықтар

“Парацетамол алу үшін дәрігердің рұқсаты керек” - көршілер жаңа реформаға қарсы

“Парацетамол алу үшін дәрігердің рұқсаты керек” - көршілер жаңа реформаға қарсы

Ташкентте енді парацетамолдың өзін дәрігердің рецептісіз сатып алу мүмкін емес, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгіннен бастап оңтүстіктегі көршіміздің дәріханаларында 12 мыңнан астам дәрі-дәрмекті сатып алу үшін электронды рецепт талап етіледі. Бұл жаңалықты тұрғындар жылы қабылдамады. Ташкенттіктер бұрын еркін сатылған күнделікті дәрілерге енді міндетті түрде дәрігердің тағайындауы қажет дегенге сене алар емес.

Бұл жаңашылдық емханалар мен жедел жәрдем қызметіне түсетін жүктемені арттырып, дәрігерлерге ұзын-сонар кезек тудырып отыр. Сонымен қатар, «көлеңкелі нарықтың» пайда болуына және ақылы айналма жолдардың көбеюіне ықпал етуі мүмкін дейді өзбекстандық БАҚ.

Дәрігерлердің өздері де реформаның шикі тұстары көп деп айтуда:

«Тек шын мәнінде рецептімен берілетін дәрілерге ғана шектеу қою керек, барлығын бірдей қамтымау қажет».

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс тобының құрылғанын хабарлады. Мамандар азаматтар мен медицина қызметкерлерінен түскен өтініштерді талдап, емханаларға түсетін жүктемені және «Электронды рецепт» жүйесінің тұрақтылығын бағалап жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz